Сот шешімі: Bek Аir билет ақшасын қайтарады

Сот шешімі: Bek Аir билет ақшасын қайтарады

Сот шешімі: Bek Аir билет ақшасын қайтарады
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты ҚР Сауда және интеграция министірлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ-ға қатысты төртінші талап арызын қанағаттандырды. Онда 153 адамның мүддесін қорғау үшін 9,3 млн теңге қаржыны қайтару көзделген, – деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігі. Комитет қабылдаған шаралар нәтижесінде сот тәртібімен 1678 адамның құқықтары қорғалды. «Бек Эйр» әуекомпаниясы тұтынушыларға 103,3 млн теңге қайтаруғы тиіс. Комитетке күн сайын тұтынушылардың шағымдары келіп түсуіне байланысты бесінші талап сотқа беріледі. Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ-ға қатысты алғашқы екі талабы заңды күшіне енгенін еске саламыз. Заңнама талаптарына сәйкес, сот шешімін орындауға тек сот орындаушыларына уәкілеттік берілген. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атқарушылық іс жүргізу, мерзімдік жазалар туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілерде өзге де орындау мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда, ол қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс. Сондықтан тұтынушылар сот шешімін орындау бойынша қажетті және уақтылы шаралар қабылдайтын сот орындаушыларына жүгінуге құқылы. Атқару парағы берілген сот орындаушысы туралы мәліметтерді алу үшін тұтынушылар Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының палатасына жүгінуі қажет.