Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу ұсынылды

Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу ұсынылды

Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу ұсынылды
ашық дереккөзі
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсынды. «Әлемдік пандемия білім саласына үлкен соққы берді. Мысалы, Байқоңыр қаласында Ресей құзыретіне қарайтын жеті мектептің барлық сынып оқушылары толыққанды дәстүрлі түрде оқып жатса, ал ондағы қазақстандық мектептердің оқушылары қашықтан оқып жатыр. Мұны қалай түсінуге болады? Екі тоқсан бойы жарытып білім алмаған балалардың, әсіресе, ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін толық қалпына келтіру қиынға соғып, білім сапасын бірнеше жылдар кейінге шегеретіні сөзсіз. Сондықтан да еліміздегі барлық ауылдар мен аудандардағы мектептерде оқушыларды дәстүрлі оқытуға шығаруымыз керек», – деді М. Бақтиярұлы. Сонымен қатар ол орта білім беру жүйесі өте күрделі екенін, ол елдің дамуы үшін өлшеусіз рөл атқаратынын атап өтті. «Білім және ғылым министрлігі үздіксіз білім білім беру жүйесінің, бала-бақшадан бастап жоғарғы білімнен кейінгі әрі жоғары білімге дейінгі барлық проблемалармен шұғылданады. Бұл өте үлкен жүктеме. Ол еліміздің халқының жартысын қамтиды. Мұндай жүктеме басқа бірде-бір министрлікте жоқ. Сондықтан да мектепте білім беру жүйесін оңтайлы басқару тиімділігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігі базасында штат санын көбейтпей екі министрлік: Білім министрлігі мен Жоғары білім және ғылым министрлігін құру пісіп жетілді деп ойлаймын» – деді сенатор.