Ректор екі мерзімнен артық қызмет атқармауы керек – депутат ұсыныс жасады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы елімізде екі мерзімнен артық ректор лауазымында қызмет атқара алмайтындай қағидат енгізуді ұсынды.

«Елімізде ондаған жылдар бойы тапжылмай ректорлық қызмет атқарып келе жатқандар бар. Нарық заманында бұл дұрыс емес. Ректорларды жоғары оқу орындарында төрт жылға тағайындап және ол екі мерзімнен артық ректор лауазымында қызмет атқара алмайтындай қағидат енгізуіміз керек. Менім пікірімше, ұлттық ЖОО-дан басқа барлық өңірдің әлеуметтік-экономикасына мамандар даярлайтын өңірлік жоғары оқу орындарын «Қамқоршылар Кеңесіне» сүйеніп басқару арқылы орталықсыздандыру дұрыс деп есептеймін», – деді М. Бақтиярұлы.

Back to top button