Жаңалықтар

Өзбекстан азаматы Алматыда екі дүкенге қарулы шабуыл жасады (видео)

ашық дереккөзі

Өзбекстан азаматы Алматыда екі дүкенге қарулы шабуыл жасады (видео)

Алматыда шетел азаматы екі бірдей дүкенге қарулы шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Боран-134” экипажы дабыл сигналын бірінші болып қабылдап, қылмыс болған жерге іргелес аумақты мұқият аралай бастаған. – Олар аулалардың бірінен іздестірілушіге ұқсас жас жігітті байқап, оны ұстады. Күдіктіден шабуыл жасаған қару – ас үй пышағы тәркіленді, ол өз қылмысын бірден мойындады. Бейнебақылау камералары көрсеткендей, ол дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, сатушыға пышақ көрсетіп, кассадан ақша талап еткен. Әйел адам қорқып, барлық ақшаны берген. Ең бастысы, жәбірленуші шабуыл туралы полицияға дереу хабарлады. Күдікті санаулы минуттың ішінде ұсталып, Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған адамның аз ғана уақыт ішінде екі азық-түлік дүкеніне шабуыл жасағаны анықталды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров. Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.