Жаңалықтар

«Педагог мәртебесі туралы» заң қағаз жүзінде қалып отыр – ҚХП

ашық дереккөзі

«Педагог мәртебесі туралы» заң қағаз жүзінде қалып отыр – ҚХП

Қазақстан Халық партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Роза Махамбетова Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушыларымен және студенттерімен оффлайн және онлайн режимде кездесу өткізді. Роза Махамбетова кездесу барысында ашық әрі әділ әлеуметтік мемлекет құру, өз азаматтарының құқықтары мен кепілдіктерін қорғау, жастар жоғары оқу орындарында тегін оқыту, тегін емдеу сияқты маңызды әрі әлеуметтік бағыттағы міндеттер қамтылған партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қазіргі жастардың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін кешкі және түнгі уақыттарда кафелерде, мейрамханаларда қосымша ақша табуға мәжбүр екенін, бұл студенттердің оқуына кері әсер етпетінін айтты. Сондай-ақ ол ЖОО оқытушысы бола тұра, мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселесін де қозғады. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануына қарамастан, іс жүзінде мұғалімдердің ешқайсысы әлеуметтік оң өзгерістерді сезінбей отыр. Сонда бұл заңның қағаз жүзінде қалғаны ғой. – 2021 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруға уәде беріліп отыр. Бірақ инфляцияның жоғарылығы, коммуналдық қызметтер тарифінің өсуін ескерсек, бұл көрсеткіш аса бір жақсы әсер ете қоймайды. Жалақы жылдам қарқынмен өсіп келе жатқан инфляцияға төтеп бере алмайды, – деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат. Сондай-ақ ол Қазақстан Халық партиясының басты басымдықтардың бірі республика халқына несие рақымшылығын жасау, зейнет жасын азайту, Қазақстандықтардың, оның ішінде, жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын, жер учаскелерімен, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу екенін атап өтті. – Тек Маңғыстау облысының ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырының құрылысына үш триллион теңге бөлінді. Өкінішке қарай, су ауыл тұрғындарына жеткен жоқ. Өйткені бөлінген ақша діттеген жерге жетпеді. Сонда қаражат қайда кетті? – деді Роза Махамбетова. Сондай-ақ ол экономиканы индустрияландыру аясында ауыл проблемалары әлі де шешілмегенін айтты. Сондықтан партияның басым міндеттерінің қатарына ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамыту қосылды. «Экономика байларға емес, халыққа жұмыс істеуі керек», – деді ол. Роза Махамбетова партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тезистерімен таныстыра отырып, 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, елдің болашағы, Қазақстанның одан әрі дамуы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды. Ол кездесуге қатысушыларды партия халықтың үніне құлақ асып, депутаттық мандат алып, туған халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында өзінің сайлауалды бағдарламасында айтылған барлық бастамаларды шешуге күшін салады деп сендірді. Сөз алған Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Роза Махамбетованың азаматтық ұстанымы мен өңір өміріне белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Партияның Жастар қанатының жас белсендісі Жандос Сүйегенов те өзінің белсенді ұстанымын білдірді. Ол өзінің құрдастарын Қазақстан Халық партиясына дауыс беруге шақырды. Университеттің оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты, энергетика және көлік кафедрасының доценті Сятжан Айсаев барлық қазақстандықтар арасында табиғи игілік пен елдің минералды ресурстарын және жерді әділ бөлу туралы пікірімен бөлісті. Кездесу соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандитат қойылған сұрақтарға жауап берді.