Елімізде өлім жазасы заңды түрде жойылды

Елімізде өлім жазасы заңды түрде жойылды

Елімізде өлім жазасы заңды түрде жойылды
ашық дереккөзі
Елімізде 2003 жылғы 17 желтоқсанда Тұңғыш президент өлім жазасын толық тоқтата тұруға мораторий енгізген болатын. Тәуелсіздік алғалы бергі кезеңде өлім жазасын қолдану саласын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясаты жүргізіліп келеді. Осы істі жалғастыру аясында 2019 жылдың желтоқсан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев СІМ-ге Қазақстанның екінші факультативтік хаттамаға қосылу рәсімін бастауған болатын. «2020 жылғы 23 қыркүйекте БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров хаттамаға қол қойды. Бірақ қол қою фактісі осы құжаттың ережелерінің дереу күшіне енуін білдірмейді, өйткені ол Парламенттің міндетті түрде бекітуіне жатады», – деп атап өтті Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. Құжатқа сәйкес, қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау және өз құзыреті шегінде өлім жазасын жою үшін барлық шараларды қабылдауға міндеттеледі. «Жалғыз ерекшелік – (өлім жазасы) соғыс уақытында рұқсат етіледі. Қазақстан конвенцияда көзделген ескертуді пайдалануға ниетті», – деп түйіндеді сыртқы саясат ведомствосының басшысы.