Жаңалықтар

Қазақстандық жас шахматшы Ресей атынан сынға түседі

ашық дереккөзі

Қазақстандық жас шахматшы Ресей атынан сынға түседі

Қазақстандық Бибісара Асаубаева шахматта түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, әлем жұлдызына айналды:  12 жаста ол түрлі жас категориясындағы мектептік әлем чемпионатында үш рет жеңіске жетті және сегіз жасқа дейінгі қыздар арасында ғаламшар чемпионы атанды. Туған елі - Қазақстан  чемпионаттарында да үздік атанды. Рекордты жеті жасында әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері атағын алған, деп жазды sports.kz. Алайда, биылғы тамыз айынан бастап, Б.Асаубаева Ресей намысын қорғайтын болады. Сергей Нестеровтың шақыртуымен, Мәскеу облысындағы шахмат федерациясына қабылданады. Қазір Бибісара Химки қаласында тұрып жатыр. Бибісара 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Төрт жасында атасынан шахмат ойынын үйренген. «Және сол жылы теледидардан Кирсан Илюмжиновтың Александра Костенюкке алтын медаль мен шахмат тәжін кигізгенін көріп қалдым, - дейді Бибісара. - Содан бері әлем чемпионы болсам деп армандай бастадым!».