«Біздің елде танысы болса, кім көрінген жюри болады». Меруерт Түсіпбаева Димашты сынағандарға шүйлікті

Қазақстандық эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева Димашты сынағандарға қатысты пікір білдірді.

«Өздерің Димаштай болып алыңдар!» дейді М.Түсіпбаева.

Оның пікірінше, Димаш Құдайберген туған еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін баяғыда-ақ сөзімен де ісімен де дәлелдеген, әлем жұртшылығына қазақ тілінде ән салдырған тұлға.

«Өкініштісі, біздің елде продюсер танысы болса, кім көрінген жюри, кім көрінген эстрада сыншысы бола береді» дейді Меруерт Түсіпбаева.

Еске сала кетейік, Ресей арнасынан «Привет, Андрей!» шоуының өзі қатысқан кезекті шығарылымы эфирден көрсетілгеннен кейін жерлестері тарапынан сынға ұшыраған Димаш Құдайберген қазақстандықтарға әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдап, мән-жайды түсіндірді.  

Back to top button