Жаңалықтар

Хабиб өзінен UFC чемпиондық белбеуін тартып алуға қабілетті мықтыларды атады

ашық дереккөзі

Хабиб өзінен UFC чемпиондық белбеуін тартып алуға қабілетті мықтыларды атады

Аралас жекпе-жек (MMA) шебері Хабиб Нурмагомедов өзінен UFC чемпиондық белбеуін тартып алуға қабілетті спортшыларды атады. Ол мықтылардың есімін "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында айтты.  Ол қазіргі уақытта UFC-дегі ең мықты үш жеңіл салмақты спортшының тізімін жасады: ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор, американдық Дастин Порье және ресейлік Ислам Махачев. Содан кейін Нурмагомедов өзінің белбеуін кім тартып алуы мүмкін деген сұраққа жауап берді: "Менің ойымша, Конор—Дастин жұбының жеңімпазы, бұл белбеу үшін күреседі. Алайда кімге қарсы шығатынын айту қиын". Сондай-ақ, осы сұхбатында Хабиб UFC-ге оралу мүмкіндігі туралы айтты. Спортшының өзінше, промоушен оны қайтарғысы келеді, бірақ оны"таңғалдыру қиын".