Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Бір жыл үзілістен кейін Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан, қайда өтетіні белгілі болды.   Қазақстандық боксшы қаңтар айының соңында АҚШ-тың Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас әзірге белгісіз. Боксшының өзі қазір Америкада және бапкері Роджер Романың жетекшілігімен жаттығуда. Ол қазан айында жұдырықтасу керек болған, алайда, ол кезде қарсылас табылмады. Айта кетейік, 2019 жылғы 26  қазанда Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде қазақ боксшы намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBO International титулын қорғап қалған.