Қазақ жігіттері Рахмоновқа Toyota Camry 70 автокөлігін сыйлады (видео)

Қазақ жігіттері Рахмоновқа Toyota Camry 70 автокөлігін сыйлады (видео)

Қазақ жігіттері Рахмоновқа Toyota Camry 70 автокөлігін сыйлады (видео)
ашық дереккөзі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа қазақ жігіттері автокөлік сыйлады. "Бұл қазақ жігіттерінің ниеті. Батыр жаяу жүрмесін дедік. Ол қазақ жігіттері үшін сын емес пе дедік. Сондықтан болар елдің жігіттері болып, қазақ жігіттері атынан Шавкат бауырымызға – тұлпар!", - деді актер Әділ Ахметов, әлеуметтік желі арқылы тараған видеода. Сондай-ақ, аталған видеодан МузАрт тобының әншісі, жақында Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалған Сәкен Майғазиевті көруге болады. Қазақтың бір топ жігіті Рахмоновқа көлігін сыйлаған. Еске салайық, қазанда Шавкат Рахмонов UFC-де дебютін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны қылғындыру әдісімен жеңген болатын. Қазақстандық файтер ММА-де 13 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)