Ғалымдар қашықтан оқытудың балалар үшін қауіпті салдарын анықтады

Ғалымдар қашықтан оқытудың балалар үшін қауіпті салдарын анықтады

Ғалымдар қашықтан оқытудың балалар үшін қауіпті салдарын анықтады
ашық дереккөзі
Қашықтан оқыту кезінде балаларда миопияның даму қаупі бір жарым есе артады. Бұл туралы бір миллионнан астам мектеп оқушыларын зерттегеннен кейін Қытайдағы Вэньчжоу медициналық университетінің офтальмология және оптометрия мектебі мен көз ауруханасының офтальмологтары мәлімдеді. Зерттеу нәтижелері MedRxiv сайтында жарияланды. Салыстыру үшін мамандар екі кезеңді талдады: өткен жыл және коронавирус карантині кезеңі. Екінші жағдайда миопияның дамуы шамамен бір жарым есе артқаны белгілі болды. Әсіресе, бірінші және алтыншы сынып оқушыларына қауіп көбірек төнеді екен. Ғалымдардың айтуынша, бұған гаджеттер мен компьютер экрандары алдында ұзақ уақыт отыру, ашық ауада белсенділіктің төмендеуі және кітап оқу себеп болады. Балалар офтальмохирургі, м.ғ.д., профессор Игорь Азнаурян миопияның даму қаупін қалай азайтуға болатынын түсіндірді. — Әр сабақтан кейін бала компьютерден алыстап, қашықтағы заттарға қарауы керек. Сабақтан кейін, әдетте, оқушыға планшеттер мен телефондар бермеу, теледидар көруді және тіпті кітап оқуды шектеу ұсынылады, — дейді маман.