Жаңа жыл мерекесіндегі әуе рейстерінің кестесі жарияланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы әуе рейстерінің кестесін жариялады.

Министрліктің Telegram арнасында жарияланған ақпараттарға қарағанда, халықаралық авиарейстер 19 бағыт бойынша 12 елге қатынайды. Барлығы 54 рейс жасалады: Біріккен Араб Әмірліктеріне – 16, Түркияға – 10, Өзбекстанға – 6, Беларусь пен Германияға – 4 рейстен, Мальдивке – 3, Оңтүстік Кореяға, Нидерландыға, Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2 рейстен, Украинаға – 1 рейс.

«Рейстердің ұшу уақыты мен күнін авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарынан нақты білуге болады»,-делінген хабарламада.

 

Back to top button