"Болған нәрсе болды": Малаховтың шоуынан кейін сынға қалған Димаш мән-жайды түсіндірді

"Болған нәрсе болды": Малаховтың шоуынан кейін сынға қалған Димаш мән-жайды түсіндірді

"Болған нәрсе болды": Малаховтың шоуынан кейін сынға қалған Димаш мән-жайды түсіндірді
ашық дереккөзі
Ресей арнасынан "Привет, Андрей!" шоуының өзі қатысқан кезекті шығарылымы эфирден көрсетілгеннен кейін жерлестері тарапынан сынға ұшыраған Димаш Құдайберген қазақстандықтарға әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдап, мән-жайды түсіндірді.   "Құрметті достар, "Россия" арнасынан "Привет, Андрейдің!"кешегі эфирін көрген шығарсыздар. Бағдарламадағы кішкентай, бірақ мен үшін өте маңызды эпизод эфирге шықпай қалды. Онда өз елімді мақтан тұтатынымды және барлық жерлесімді жақсы көретінімді айттым", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында. Ол 2013 жылы "Саз әлемі" бағдарламасында болған жағдай барлық қазақстандықтың өзіне деген көзқарасын білдірмейтінін атап өтті. "Осы бағдарламаға дейін де дәл осылай ән айттым және халықаралық байқауларда жеңіске жеттім. Өз қалауымша ән шырқай беремін. Маған көмектесетін ата-анам, туыстарым, достарым бар. Бірақ бүгінгі күнге ең алдымен ҚАЗАҚСТАННЫҢ арқасында жеткенімді ұмытпау керек. Өйткені мен Қазақстанда туып-өстім, қазақ тағамын жедім, қазақ вокал педагогынан үйрендім, қазақ отбасында тәрбиелендім. Мені алға жетелейтін ең басты күш – ұлтым және елім!", - деп жазды танымал әнші. Димаш халықаралық байқауларға жалғыз ғана ниетпен – Қазақстанның даңқын шығару үшін қатысқанын айтып, Малаховтың шоуы кезінде талқыланған видеоға қатысты да пікір білдірді. "Шынымды айтсам, бұл видеоны қайта көремін деп ойламадым, өйткені ол оқиғаны ұмытып кеттім. Әлі күнге дейін біреуге кек сақтап жүр екен деп ойламаңыздар, қажетсіз дүниені ұмытып кетемін. Сол күні кешке мен отандастарымды қорғайтын сөз айтпады емес, айттым, өкінішке қарай, бұл фрагмент қандай да бір себептермен эфирге шықпады. Тағы айта кететін жайт, қымбатты достар, ол видеоны жіберуді доғарайықшы", - деп жазды әнші. Димаш сол видеода өзіне сын айтқан адамдарға көптеген жаман сөз айтылып жатқанын айта келе: "Әркімнің өз пікірі бар, ол уақыт өте келе өзгеруі мүмкін, олай болмауы да ғажап емес, алайда бәрі артта қалды. Әркімнің өз отбасы, балалары бар. Оларға әрдайым ауыр сөз есту ұнамайды. Әртүрлі елде осы видеоның шыға келгенін өзім де ұнатпаймын", - деді. Сөзінің соңында әнші отандастарын өткенге орала бермей, бүгінгі күнмен өмір сүруге, күрделі кезеңде бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды. "Болған нәрсе болды. Өз басым оны ұмытып кеттім. Қазір бізге мына беймаза әлемде бірігу керек және бір-бірімізді қолдауымыз керек. Мейірімді, әдепті болайық. Ешкімді ренжітпейік", - деп аяқтады Димаш. Естеріңізге сала кетейік, "Привет, Андрей!" бағдарламасына қазақстандық танымал әнші қатысты. Шоуда 2013 жылғы "Саз әлемі" байқауының үзіндісі көрсетілді, онда қазылар алқасы Димашқа дауысын дұрыс пайдаланбағанын айтқан. Осыдан кейін кейбір желі қолданушылары әншіні сынға алып, қайдан шыққанын ұмытты деп реніш білдірді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)