Nur Otan: Махамбет ауданында ауқымды істер атқарылмақ

Nur Otan: Махамбет ауданында ауқымды істер атқарылмақ

Nur Otan: Махамбет ауданында ауқымды істер атқарылмақ
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы Махамбет аудандық филиалының сайлауалды штабының бекіткен желілік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Еркебұлан Кенжеғалиев, Баян Сүйеуова және Қайрат Жұмашев бастаған топ Жалғансай ауылдық округінде болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесуде үміткерлер партияның алдағы бес жылдағы сайлауалды бағдарламасымен, ауылды, елдімекендерді дамыту бағытындағы атқарып жатқан жұмыстармен жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды. Алдымен сөз алған кандидат Қ.Жұмашев халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында ауылда жасалған істерді айта келіп, ауылдық емхананың болғанымен дәрігердің тұрақтамауы жанға батып тұрғандығын айтып, депутат бола қалған жағдайда өз туған ауылы үшін бар күш-жігерін жұмсай отыра қызмет ететіндігін атап өтті. - Партияның ауданды дамытуға бағытталған бағдарламасына сай 2024 жылға дейін Жалғансай ауылында 11,5 шақырым ауылішілік автомобиль жолдарын және ашық спорт алаңын салу, көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы партияның ауданды дамытудың 7 бағыты бойынша атқарылар істер ауқымды. Сондықтан да баршаңызды 10 қаңтарда өтетін маңызды науқанда қалыс қалмай, өз таңдауларыңызды жасауды, оның ішінде жетекші партия Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын, - деді Қ.Жұмашев. Келесі кезекте сөз алған Б.Сүйеуова сайлауалды бағдарламада пандемия кезінде олқылығы көрінген медицина, білім саласындағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыстар барын жеткізді. Аудан игілігі үшін көп нәрсе жасалатындығын, партияның сол жұмыстардың уақытында жүзеге асуына ықпал ететіндігін айтты. Кандидаттың сөзінше, бағдарламада мал басын өсіру, шағын және орта бизнесті дамыту, киелі Сарайшықты туризм орталығына айналдыру, медицина мен білім саласының сапасын көтеруге айрықша басымдықтар берілген. Сондай-ақ, ауданның кәсіпкерлік бағытын дамытуды сайлауалды бағдарламасына негіз етіп, праймеризде жеңіске жеткен кандидат Е.Кенжеғалиев шағын кәсіпкерлік субъектілерін төмен пайыздық несиемен қамтамасыз етуге, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз грант беруге, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаны асыруға партияның алдағы бес жылда ықпалдасатындығын тілге тиек етті. Нәтижесінде ауданда 2025 жылға дейін белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1800-ге жеткізіліп, оларда жұмыс жасайтындар саны 28 пайызға артады деп көзделіп отыр. Кездесуге қатысушылар ауылдағы 1980 жылғы «Көктем гүлі» балабақшасы мен фельдшерлік-акушерлік пунктің жайы сын көтермейтінін, жайылымдық жердің тапшылығын, жастардың жұмыс таппай, қалаға кететінін, ауылға тұрақтамайтындығын мәселе етіп көтерді. Өз кезегінде үміткерлер ұсыныс-пікірлердің аяқсыз қалмайтынын, жауапты органдарға жеткізілетіндігін айтты.

  Nur Otan партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді