Табиғи газбен қамту мәселесі Nur Otan-ның ықпалымен шешіледі

Табиғи газбен қамту мәселесі Nur Otan-ның ықпалымен шешіледі

Табиғи газбен қамту мәселесі Nur Otan-ның ықпалымен шешіледі
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ермек Абдиваитов және Жуалы аудандық мәслихат депутаттығына үміткелер Гүлнұр Қадірбек, Гүлнар Мұсаханова Кәріқорған, Қоңыртөбе, Тасбастау  ауылының тұрғындарымен «Есіктен –есікке» акциясын өткізді. Кездесу барысында кандидаттар Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. – Nur Otan партиясы аймақтың заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында интернет желісіне  қосылуды негізгі басымдықтардың бірі етіп қойды. Нәтижесінде өңірдегі тұрғындардың 82 пайызы интернет желісіне қол жеткізе алады. Сондай-ақ, партияның ықпалымен алдағы 5 жылда кең жолақты интернетті пайдаланушылардың үлесі 25 пайызға дейін өседі, – деді кандидат Ермек Саитбайұлы. Кандидаттар Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында Жуалы ауданындағы «Қаралма» тау шаңғысы базасының екінші кезеңін салып, 2022 жылға дейін Жуалы ауданында «Көксай» қазақ ауылы» инвестициялық жобасын іске асыру жайы айтылады. Сонымен қатар таулы аймақтағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Бұл орайда партияның алдағы 5 жылда 128 мың тұрғын тұратын 107 ауылды газдандыруға басымдық беретінде атап өткен жөн. Жуалы ауданындағы Кәріқорған, Қоңыртөбе, Тасбастау  ауылдары да осы тізімге енеді. Кездесу соңында кандидаттартұрғындар тарапынан келген ұсыным-тілектер тыңдады. Олар көтерген мәселелердің дені партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылғанына да назар аударды.

 «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.