Nur Otan: Түлкібаста 7 мың туристі күтіп алатын мүмкіндік туады

Nur Otan: Түлкібаста 7 мың туристі күтіп алатын мүмкіндік туады

Nur Otan: Түлкібаста 7 мың туристі күтіп алатын мүмкіндік туады
ашық дереккөзі

Nur Otan партиясы атынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Абдурашит Омаров сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізу мақсатында «Көк Тал» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті. Басқосуда партияның бүгінге дейін атқарған жұмысымен және алдағы жоспарымен таныстырды.

А.Керізбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамыту бойынша 7 бағытқа басымдық беріліп отырғанын айтты. «Өздеріңіз жақсы білесіздер, Nur Otan партиясы халықтың сапалы өмір сүруіне барынша қолайлы жағдай жасап келе жатыр. Бұл жұмыстар алдағы 5 жылда тіпті қарқын алатын болады. Осы тұста, географиялық жағдайына байланысты ауданның туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айта кеткім келеді. Мәселен, жылына 7 мың туристі қамту үшін бірқатар жобалар қолға алуда. Атап айтсақ, Түлкібас-Жабағылы ауылдарының арасына веложол салынады және Иірсу шатқалынан көру алаңы мен Қарағашты ауылынан 1000 турист қабылдауға қауқарлы «Etno Park Resort» орталығы бой көтереді. Бұл ауданымыздың ғана емес, облысымыздың мақтанышына айналатын орындар болады», – деді А.Омаров Сондай-ақ кандидат 2025 жылға қарай ауданға келетін туристер саны 1,5 есеге, оларды орналастыру орындары 5 пайызға, қызмет көрсету деңгейі 9 пайызға артатынын жеткізді. Одан бөлек, ауданның инфрақұлым жүйелері де жақсара түспек. Алдағы 5 жылда аудан 99,9 пайызға сапалы ауыз сумен, 99,4 пайызға газбен қамтылады. Алдағы 5 жылда атқаратын жұмысымен танысқан қожалық жұмысшылары бір ауыздан Nur Otan партиясына дауыс беретіндерін білдірді. Айта кетейік, алма бауды баптаумен айналысатын «Көк Тал» шаруа қожалығы 2004 жылы құрылған. Қожалықтың меншігінде 260 гектар жер телімі бар. Онда науқан кезінде 150 адам, тұрақты тұрде 35 адам жұмыс істейді. NUR OTAN ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі. Nur Otan партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.