Қоқанд қаласында қатындар бас көтерді (видео)

Қоқанд қаласында қатындар бас көтерді (видео)

Қоқанд қаласында қатындар бас көтерді (видео)
ашық дереккөзі
Өзбекстанда орталықтан жырақтағы жерлерде газ бен электр энергиясының тапшылығы жайында бейресми ақпарат көздерінде жиі жазады. Әсіресе, ондай жағдай қыстыгүні халыққа ауыр тиетін көрінеді. Төмендегі бейнежазбада Өзбекстан Республикасы Фергана облысындағы Қоқанд қаласында болған жай түсірілген. Бейнежазбаны түсіріп тұрған әйел адамның айтуынша, қалада газ бен электр тогының болмауы себепті бір топ әйел әкімшіліктің алдындағы жолды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Жылу мен токтың болмауы оларды әбден қажытып жібергенін айтады. Алайда қысқа бейнежазба ішкі істер қызметкерлерінің көлігі келген жерден біткен. Мәселенің қалай шешілгені белгісіз. Бейнежазба фейсбук желісіндегі топтардың бірінен алынды. [video width="238" height="426" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2020/12/-o-and.mp4"][/video]