«АРКАДАГ» АҚҚАЛА ЖАСАП ЖҮР. Түркіменстан президенті тағы бір қызық көрсетті (видео)

«АРКАДАГ» АҚҚАЛА ЖАСАП ЖҮР. Түркіменстан президенті тағы бір қызық көрсетті (видео)

«АРКАДАГ» АҚҚАЛА ЖАСАП ЖҮР. Түркіменстан президенті тағы бір қызық көрсетті (видео)
ашық дереккөзі
Түрлі ерсі іс-әрекетімен елдің есінде қалған мемлекет басшылары бар. Алайда «кітап жазғыштығымен» аты шыққан бейтарап Түркіменстан президентінің «қызықтары» таусылар емес. Гитара шертіп 80-жылдардағы орыс эстрадасының хит әндерін шырқайтын, өзі ән шығарып (бір әні қазақ композиторы Әбиірбек Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» атты әнінен қатты ұқсайды) оны «YAMAHA»-мен орындайтын, сондай-ақ, атқа мініп ипподромда өзгелермен жарысатын «Аркадаг» (қазақша арқатірек) Құрбанқұлы Бердімұхаммедов бұл жолы тағы бір ісімен елді таң қалдырып отыр. Ол кеше, 27-желтоқсанда немересі Кериммен бірге Копетдаг тау бөктеріне барып, өз қолымен аққала жасап, оған 2021 санды жазып, өзі ісіне риза болды. Ал оны бақылап тұрған бір топ кісі (шамасы, мемлекеттік қызметкерлер болса керек) қол соғып, президентінің шеберлігіне қол соғып тұр... «Керім қар адамын табиғатта өткізген күнінің естелігі ретінде суретке түсіре бастады. Бәрін соңына дейін жеткізуге дағдыланған президент қар адамын әбден әрледі», – деп жазады бұл туралы hronikatm.com сайты. https://www.youtube.com/watch?v=-3Ky2dOgtzI&feature=emb_logo&ab_channel=%D0%A5%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%A2%D1%83%D1%80%D0%BA%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0