Nur Otan колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуды қолға алады

Nur Otan колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуды қолға алады

Nur Otan колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуды қолға алады
ашық дереккөзі
Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Тойлыбаева, Ж.Жазықпаева, Т.Қасымбекова және Қарасай аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Айтжанов, С.Адильханов, А.Исаева, А.Балажанова, Б.Сүнбеков, Д.Төлеген, Е.Константинова, Ж.Садуова, Б.Айнабеков, Е.Жақсыбаев, М.Бигельдиева, Р.Өтембаев, Ә.Серік, Д.Нақысбеков Шамалған ауылындағы Көпсалалы колледжінің ұжымымен онлайн форматта жолықты. Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, сонымен қатар сайлаушылар тарапынан сұрақтар болды. Сайлауалды бағдарлама алға қойылған жоспар болғанмен, жоспар талаптың арқасында жүзеге асады. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда табандылық пен талаптылық керек екені атап айтылды. Nur Otan партиясы Қазақстан бойынша 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту шараларын қолға алады. Барлық оқу орындарына білім сапасын арттыру міндеті қойылады. Сондай-ақ ұстаздардың жалақысы жыл сайын көбейіп отыратыны айтылды. Өмір бойы үздіксіз білім алу мүмкіндігі және білім берудің барлық кезеңінде цифрлық сауаттылықты арттыру қамтамасыз етіледі. Үміткерлер кездесуге қатысқан Көпсалалы колледжінің ұжымына алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

Nur Otan партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалының Сайлау қорынан төленеді.