Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Талдықорған қалалық сайлауалды штабы төрағасының орынбасарлары Мейірман Тлеуберлінов пен Жайық Тазабекұлы,  штаб мүшесі Азамат Алпысбаевтың қатысуымен  «Тиімді мемлекеттік басқару» атты семинар өтті.

Ақпараттық түсіндіру тобы  жиын қатысушыларына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі туралы  толыққанды түсіндірді. Спикерлер «Мемлекеттік қызмет – бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрбір саланың жетістігі, алдағы экономикалық өсім, индустрияландыру саясатының тиімділігі, халықтың әл-ауқаты, жалпы алғанда, елдің даму деңгейі сауатты да кәсіби басқарушылыққа тікелей байланысты.

Осы міндеттерге сәйкес мемлекеттік қызметке қойылатын кәсіби талаптар күшейтіліп,  бірқатар реформа қолға алынуда. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, атқарушы билік жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында бүгінде аймағымызда үлкен жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте халықпен ашық байланыс орнатқан «Nur Otan» партиясының рөлі зор»-деді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі догматизм мен көзбояушылықтан толық ада болуы қажет. Сұлу сөз қаншалықты аз болса, мазмұны соншалық бай болады. Ол атқарушыларға іс-қимыл еркіндігін беру үшін өте прагматикалық болуы тиіс. Атқарушыларға қосымша жұмыс жүктемеу аса маңызды. Яғни, басқа нақты істерге нұқсан келтірмеу үшін бұл бағыттағы жұмыстарға күш түсірмеу керек. Үкімет сарапшылардың қоғамдастығымен және жұртшылықпен тығыз ықпалдастықта жұмыс істеуі тиіс» –деп мемлекеттік қызметте цифрландыруды жеделдету мәселесіне баса мән беруді тапсырып, мемлекеттік басқарудың барлық жүйесін – мемлекеттік қызметтен жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіне дейін іс жүзінде қайта құру қажет екенін айтқан болатын.

Партия  жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет екенін алға тартады. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Ол үшін «Nur Otan» партиясы қала тұрғындарының мәселелерін ашық талқылау және шешу жолдарын іздеу алаңына айналмақ.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын 90%-ға және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып мемлекеттік қызметті автоматтандыруды 100% -ға жеткізуге жәрдемдесетін болады. «Open Taldyqorgan: Ашық әкімдік» цифрлық ақпараттық жүйелерін дамытуға ықпал етеді. 2025 жылға қарай екі ХҚКО құрылысы жүргізіліп, қолданысқа беріледі.

«Талдықорған – адал қала» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларға азаматтарды тартуға көмек көрсету, әкімдіктер жанындағы қоғамдық және бақылау кеңестерінің жұмысына азаматтық сектор өкілдерін тартуды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігінің партиялық және қоғамдық мониторингін жүргізу сынды шаралар да назардан тыс қалмақ емес.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында «Nur Otan «партиясы» сайлау қорының қаражатынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы төленді. Тапсырыс беруші: Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында «Nur Otan» партиясы » ҚБ сайлау қоры атынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы.

 

Back to top button