Nur Otan: Шардара ауданы 2025 жылы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

Nur Otan: Шардара ауданы 2025 жылы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

Nur Otan: Шардара ауданы 2025 жылы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады
ашық дереккөзі
Түркістан облыстық маслихаты депутаттығына үміткер, «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басқарма басшысы Бақытжан Серманизов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Шардара ауданындағы бірқатар елдімекендер мен кәсіпорындарды аралады. Азаматтармен өткен кездесу барысында Nur Otan партиясының облыс және аудан бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жетекші партияға дауыс беруге шақырды. «Nur Otan» Аудан орталығынан шалғайда жатқан Ақшеңгелді ауылдық округіне қарасты Егізқұм елдімекенінде тұрғындармен өткен кездесуде Б.Серманизов, ауылдың өзекті деген мәселелерімен танысып, оның шешілу жолдары партияның жұмыс жоспарына енгізілгенін айтты. «Партияның атсалысуымен ауылдарыңызға жақында ғана газ келді. Мұнымен проблема таусылды деген сөз емес. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер біртіндеп шешіліп келеді. Әсіресе, ауданда пандемияға байланысты  табысын уақытша жоғалтқан 12400-ге жуық азаматқа 42 500 теңгеден, «Біргеміз» коры арқылы 432 аз қамтылған отбасыға 50 мың теңгеден берілді және басқа да шығандары өтелді. Одан бөлек, ауылда ауыз су мен жол мәселесі бар екенін де білеміз. Осыған байланысты партия өзінің бағдарламасына осы түйіткілдерді енгізіп отыр. Қазіргі таңда сапалы ауыз сумен аудандағы 95 пайыз ауыл қамтылған. 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізілетін болады. Ал, автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайы 80 пайызға жеткізіледі. Осы ретте, осындай ауқымды жұмыстардың жүзеге асыруға ниет етіп отырған Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Б.Серманизов. Сондай-ақ депутаттықтан үміткер азамат Қызылқұм, Сүткент, Ақшеңгелді және Достық ауылдық округтеріне қарасты елдімекендерді де аралап мәселелерімен танысты. Одан бөлек, ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, партияның уақыт талабына сай жүргізіп отырған жұмысын кеңінен талқылады. Сонымен қатар Б.Серманизов «Әлихан» сауда үйіндегі сатушылармен де кездесіп, партияны қолдауға шақырды. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары әлеуметтік желіде онлайн форматында да жалғасын тапты. Кандидат өзінің жеке парақшасында аудан тұрғындарының тарапынан қойылған біршама сауалдарына жауап берді. Әлеуметтік желі қолданушылары кәсіпкерлерді қолдауға байланысты, жұмыссыздық мәселесіне қатысты сауалдар қойды. NUR OTAN ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиталының баспасөз қызметі. Nur Otan партиясы Сайлауалды штабының қорынан төленді.