Иранда "Абай жолы" романы басылып шықты

Иранда "Абай жолы" романы басылып шықты

Иранда "Абай жолы" романы басылып шықты
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен және Иран елшісінің қатысуымен «Абай шығармасындағы түркі-парсы ақындары» атты халықаралық отырыс бейнеконференция форматында өтті, деп жазады «Фарс» ақпарат агенттігі. Иранның Қазақстандағы елшісі Маджид Сабер осы отырыста Иранда «Абай жолы» романының басылып шыққанын, Ұлттық кітапханада ұлы ақынға ескерткіш қойылғанын айтып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір көшеге Хафиз атын және Теһранда бір көшеге Абай атын беруге ұсыныс жасады. Онлайн жиында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан, Мысырдың шығыстанушылары мен әдебиетшілері және Иранның Алматыдағы бас консулы, Теһран мен Алламе Табатабаи университеттерінің ұстаздары мен Сағди ұйымының өкілдері сөз сөйледі», - деп жазады деп жазады Рarstoday.