Құрманғазы орталығы маңызды туристік нысанға айналды
Құрманғазы орталығы маңызды туристік нысанға айналды
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Володарск ауданы, Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталыққа барды.
Дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ермек Көшербаев жергілікті қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. Қандастарды толғандыратын, ең алдымен, қазақ тілін үйренуге қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Астрахандағы еліміздің Бас консулдығының басшысы Тауболды Үмбетбаев өңірдің мәдениет және туризм министрі Ольга Прокофьеваға қазақ тілі сыныптары бар екі мектепте онлайн оқыту үшін «Отандастар» қорының қолдауымен сатып алынған компьютерлік техниканы тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Орталық 2005 жылы қазақтың ұлы күйшісі, домбырашы-композитор Құрманғазы кесенесінің жанында ашылған болатын. Осы уақыт ішінде кешен жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қажы және туристер келетін аймақтың маңызды туристік орнына айналды.