Жаңалықтар

Абай дүниетанымын танып, ғылыми негізде ұғына алмай келеміз

ашық дереккөзі

Абай дүниетанымын танып, ғылыми негізде ұғына алмай келеміз

Қолыма Ислам Жеменей ағамыздың «Абай Құнанбайұлының шығармасындағы түркі-парсы ақындары» атты кітабы түсті. Кітапты зер сала оқыдым. Бұл кітап туралы ойымды жазбас бұрын бір мәселеге тоқталып кеткім келеді. Ол мәселені Мекемтас Мырзахметұлы атамыздан артық айта алмаспыз. Мекемтас атамыз былай дейді: «Абай дұниетанымын танып, ғылыми негізде ұғына алмай келеміз. Абай дүниетанымының сырын бізге философтар, психологтар, мораль философиясымен айналысатын ғалымдар ғылыми тұрғыдан бір ізге түсіре алмай келеді. Оның белгілі бір себебі бар. Өйткені біздегі қоғамдық ғылым өкілдері Европалық, кеңестік дәуірдегі материалистік (затшылдық) дүниетанымының моделі (қалпы) негізінде қалыптасты. Олар Абай дүниетанымын таза осы затшылдық философиясының моделіне салып қарастыруы себепті, Абай дүниетанымының болмысына дендей алмай келеді.», дейді. [caption id="attachment_133657" align="alignnone" width="1024"] Шығыстанушы ғалым, Ислам Жеменей[/caption] Осы тұрғыдан алғанда  кітаптың авторы Ислам Жеменей ағамыздың үш артықшылығы бар. Бірінші, шет елде туып, кеңестік дәуірдің саясатымен уланбауы. Екінші артықшылығы араб, парсы және түрік тілдерін жетік білуі, Үшіншісі Абай ұстанған, Абай дәріптеген Ислам  дінінің қайнар бұлағымен сусындауы. Енді , кітап туралы жеке пікірімді айтайын. Кітапта Абай атамыз пір тұтқан, жыр жазуда еліктеген шығыс ақындары Физули, Шәмси, Сайқали, Науаи, Сағди, Фирдауси, Қожа Хафиз, Жалал Дауани сияқты шығыс шайырларының өмірі мен шығармалары жайлы мағлұматтар берілген. Кітапты оқи отырып,  Абай атамыздың тек қана жыр жазуда ғана еліктеп қана қоймаған, іс-әрекетінде де еліктегені байқалады. Соның бірі өнер адамдарын маңайына топтастыруы.