Жаңалықтар

ЕҚЫҰ бақылаушылары ADAL партиясының өкілдерімен кездесті

ашық дереккөзі

ЕҚЫҰ бақылаушылары ADAL партиясының өкілдерімен кездесті

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының мүшелері  ADAL саяси партиясының өкілдері, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Олжас Ордабаев және партия аппаратының басшысы Бауыржан Оразғалиевпен кездесті. Кездесу басында ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ миссиясының басшысы, елші Ярослав Марцин Домански партия өкілдеріне қабылдау үшін алғыс айтып, топ мүшелерімен таныстырды. «Сіздің елге 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шақыруымен ЕҚЫҰ мүшелері ретінде келдік. Процестің халықаралық нормаларға қаншалықты сәйкес келетінін талдайтын боламыз», – деді Ярослав Домански. Миссия өкілдері ребрендинг, ADAL партиясының құрамы, сайлауалды бағдарламасы және партияның міндеттері туралы бірқатар сұрақ қойды. Тараптар сайлауда бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.