Жаңалықтар

Рахмон: Исламның өркендеуі партиясы азаматтық соғысқа себепкер болды

ашық дереккөзі

Рахмон: Исламның өркендеуі партиясы азаматтық соғысқа себепкер болды

Тәжікстан президенті бұл елде азаматтық соғысты Исламның өркендеуі партиясының демеуімен молдалар бастаған деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Эмомали Рахмон 1 қыркүйекте Дангара мемлекеттік университетінің жаңа ғимаратында болған «Әлем сабағы» дәрісінде айтты. Рахмонның айтуынша, саяси дағдарыстар, жаңа дәуірде әлемдік державалардың қарама-қайшылығы, діни соғыстың күшеюі, ислам елдеріндегі жанжалдар, әлемнің әр аймақтарында болып жатқан террористік актілер жер бетіндегі жағдайды қиындатып жіберді. Тәжікстан президентінің ескертуінше, терроризм мен діни экстремизмнің өршуінен мыңдаған адам қаза тапты. Әлемнің көптеген елдерінде тәртіп орнамай тұр. Эмомали Рахмон «біз әлі тәуелсіздік таңында болған азаматтық соғыстың салдарын ұмытпадық, ондаған мың бейкүнә адам құрбан болды. Әсіресе Хатлон облысының тұрғындары қаза тапты. Аймақтың тұрғындары әлі күнге дейін соғыс зардабын тартып отыр», - деді. Тәжікстан президенті елде кезінде азаматтық соғысты бүгінде тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясын қуаттаған молдалар бастағанын атап өтті.