ҚХП: Халықтың өнімін сатып ал, қазақстандық өндірушіні қолда!
ҚХП: Халықтың өнімін сатып ал, қазақстандық өндірушіні қолда!
28 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясынык атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар супермаркеттер желісі мен сауда нүктелерін аралап, қазақстандық өндірушілердің өнімдерінің бар-жоғын тексерді. ҚХП мүшелері отандық компаниялар ұсынатын дүкен сөрелеріндегі барлық ассортиментті қарап, зерделеп шықты. «Халықтыкін сатып ал» акциясы барысында депутаттыққа кандидаттар қазақстандық өндірушілердің өнімдерін сатып алды.
ҚХП мүшелері жергілікті тауарлардың құнын көтермеу керек деп санайды. Мұндай өнімдердің бағасын уәкілетті органдар бақылауы керек.
– Биыл пандемия кезінде біз үлкен проблемаға тап болдық. Ол – отандық өндірушілердің өнімдері мен қажетті тауарлары бағасының өсуі. Өсімдік майының бір литрінің бағасы 700 теңгеге дейін көтерілгенін бәріміз көрдік. Айта кету керек, біз отандық өндірушінің өнімі туралы айтып отырмыз. Қант бір килограмм үшін 300 теңгеге дейін қымбаттады. Мемлекет азаматтарға қолдау ретінде бөлген 42 500 теңгеге көп өнім сатып ала алмайтынын жақсы түсінеміз, – деді сауда нүктелерін аралаған кандидат Жамбыл Ахметбеков.