ҚХП: Халықтың өнімін сатып ал, қазақстандық өндірушіні қолда!

ҚХП: Халықтың өнімін сатып ал, қазақстандық өндірушіні қолда!

ҚХП: Халықтың өнімін сатып ал, қазақстандық өндірушіні қолда!
ашық дереккөзі
28 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясынык атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар супермаркеттер желісі мен сауда нүктелерін аралап, қазақстандық өндірушілердің өнімдерінің бар-жоғын тексерді. ҚХП мүшелері отандық компаниялар ұсынатын дүкен сөрелеріндегі барлық ассортиментті қарап, зерделеп шықты. «Халықтыкін сатып ал» акциясы барысында депутаттыққа кандидаттар қазақстандық өндірушілердің өнімдерін сатып алды.
ҚХП мүшелері жергілікті тауарлардың құнын көтермеу керек деп санайды. Мұндай өнімдердің бағасын уәкілетті органдар бақылауы керек. – Биыл пандемия кезінде біз үлкен проблемаға тап болдық. Ол – отандық өндірушілердің өнімдері мен қажетті тауарлары бағасының өсуі. Өсімдік майының бір литрінің бағасы 700 теңгеге дейін көтерілгенін бәріміз көрдік. Айта кету керек, біз отандық өндірушінің өнімі туралы айтып отырмыз. Қант бір килограмм үшін 300 теңгеге дейін қымбаттады. Мемлекет азаматтарға қолдау ретінде бөлген 42 500 теңгеге көп өнім сатып ала алмайтынын жақсы түсінеміз, – деді сауда нүктелерін аралаған кандидат Жамбыл Ахметбеков.  width= Халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау ретінде бөлінетін сомалар тым аз. Сондықтан әлеуметтік қамсыздандыру төлемдерінің мөлшерін арттыру қажет. Тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Қазақстандық өндіруші тауарларының құны артпауы тиіс. Бұған дейін ҚХП депутаттығына кандидаттар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болып табылатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. – Халық партиясы азық-түлік қауіпсіздігін және қазақстандықтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жеке меншікке сатуға заңды тосқауыл қою туралы мәселені қойып отыр. ҚХП мүшелері осы мәселе бойынша референдум өткізу қажет деп есептейді. Біз бірінші кезекте қажетті өнімдер мен тауарлардың сапалы өндірісіне қол жеткізуге ниеттіміз. Партияның басты міндеті – елімізді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Содан кейін ғана өнімімізді шетелге жеткізу, – деп нақтылады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандитат Жамбыл Ахметбеков.