Ерболат Досаев ел экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі болжамды таныстырды
Ерболат Досаев ел экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі болжамды таныстырды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Еlbasy.kz.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі болжам, сондай-ақ пандемия кезіндегі әлем нарығындағы экономикалық ахуалға жасалған шолу таныстырылды. Елбасыға қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат берілді. Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның халықаралық резервтерінің жағдайын, Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерін басқару жұмыстарының алдын-ала нәтижелерін баяндады.