eGov қосымшасында қандас куәлігі пайда болды

eGov қосымшасында қандас куәлігі пайда болды

eGov қосымшасында қандас куәлігі пайда болды
ашық дереккөзі
Енді eGovMobile қосымшасында зейнетақы және қандас куәлігі қолжетімді болады. Бұл туралы Еңбек және Цифрлық даму министрліктері мәлімдеді. Енді зейнеткерлер мен қандастар өзімен бірге куәлік алып жүрмейді. Қажет болған жағдайда оны eGovMobile қосымшасы арқылы ашуға немесе мессенджер арқылы бөлісуге болады.
Одан бөлек, цифрлық құжаттарды QR-код арқылы ашуға болады.
"Сонымен қатар, жыл соңына дейін әлеуметтік ID жасау жоспарда бар, бұл азаматтың әлеуметтік статусын көрсететін жалғыз цифрлық құжат болмақ. Алдағы таңда жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың құжаты цифрландырылады. Уақыт өте келе қағаз құжаттардан бас тартуымыз мүмкін", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Бүгінде eGov қосымшасында төлқұжат, неке тіркеу куәлігі, диплом, баланың туу туралы куәлігі, студенттік билет қолжетімді.