Ақтөбенің экологиясы жақсарады

Ақтөбенің экологиясы жақсарады

Ақтөбенің экологиясы жақсарады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Алтынай Мұханова хабарлады. Ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында  «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жеті басымдылығына «экологиялық жағдайды жақсартамыз» деген қарастырылған. Осы ретте Алтынай Мұханова халықтың көбін экологиялық ахуал алаңдататынын айтып өтті. -Қалада атмосфераға жыл сайын шығаратын қалдықтар 30 мың тоннаға дейін құрайды. Жылына орта есеппен 380 мың м³  қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады екен. Сондықтан партияның бағдарламасында экология мәселесі қамтылды. Алдағы бес жыл ішінде экология жақсарып, барлығы тұрақтанатын болады. Ол үшін партия бірнеше жұмыстарды атқаруға жоспар құрды. Қаланың өнеркәсіптік объектілерінде жаңа технологияларды енгізіледі. АКТ-ға көшу, оның ішінде атмосфераға шығатын қалдықтарды азайту үшін АФЗ зауытында автоматтандырылған мониторинг жүйесі болады. 2022 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы қолданыстағы ҚТҚ полигонының қуатын 3 мың м³ дейін ұлғайту жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Қоқыстар сұрыпталады. Жыл сайын кемінде 300 контейнер алынып, қоқыстар сұрыпталатын болады. Осылардың барлығы қаламыз үшін жасалатын дүниелер,-деді ол. Сонымен қатар қаланың жанданған жерлерінде жыл сайын кемінде 10 стационарлық дәретхана салынатын болады. 2022 жылға дейін Ақтөбе қаласының дендрологиялық жоспарын әзірленіп, қаланың жасыл аймағының ауданы ұлғаяды. Бұл шаралар атмосфераға стационарлық көздерден шығарындыларды 2025 жылға дейін 10% - ға қысқартуға мүмкіндік береді. «Есіктен есікке» акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттығына өзге де үміткерлер өздеріне берілген аумақтағы үйлерді, ғимараттарды аралады. Тұрғындарға бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Сәния Мұратова бағдарламаның жастар үшін де маңызы барын айтты. -Жастар үшін қаламыз жағдай жасайды. Әрине, тек жастар үшін емес. Кәсіпкерлерге де қолдау көрсетеді. Дегенмен қаламыздағы жастар мәселесі қашан да өзекті. Себебі олар біздің болашағымыз. Олардың жақсы жұмысқа орналасып, үйлі болғанын қалаймыз. Сол себепті «Nur Otan» партиясы алдағы бес жыл ішінде кезекті тұрған жастарға үй береді. Көптеген жұмыс орындары ашылып, жұмысқа орналасатын болады. Жылына кемінде 400 қоғамдық жұмыс және 250 жастар практикасы жұмыс орындарын құруға қол жеткізеді.2025 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3 -тен 2,7% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.Қалада жастардың табысты қалыптасуы мен шоғырлануы үшін барлық қажетті жағдайлар бар, колледждер мен жоғары оқу орындарының желісі жеткілікті,-деді ол. Айта кетейік, Ақтөбе қаласында жыл сайын шамамен 2,5 мың жастарды жұмысқа орналасатын болады.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді