Президент америкалық вакцинаны салдырды

Президент америкалық вакцинаны салдырды

Президент америкалық вакцинаны салдырды
ашық дереккөзі
Кипр президенті Никос Анастасиадис Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасын алды. Бұл туралы ол медициналық орталықтың қабырғасында журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. 74 жастағы мемлекет басшысын вакцинациялау сәті Кипр телевизиясының тікелей эфирінде көрсетіледі деп күтілген, алайда екпе егу процесін жұртшылық көре алмады. Процедурадан кейін президент ел тұрғындарын вакцинациялауға тікелей қатысқан дәрігерлерге алғыс айтты.  width= "Әркімнің вакцинациядан бас тартуға құқығы бар, бірақ вакцина бізді қорғайды", - деп атап өтті Анастасиадис. Pfizer және BioNTech вакцинасының алғашқы партиясы Кипрге сенбіде жеткізілген. Арал тұрғындарын аакцинациялау жексенбіде басталды. Елде бірінші болып Лимасолдағы Панайя қарттар үйінің медициналық қызметкерлері егілді.