Жаңалықтар

Президент америкалық вакцинаны салдырды

ашық дереккөзі

Президент америкалық вакцинаны салдырды

Кипр президенті Никос Анастасиадис Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасын алды. Бұл туралы ол медициналық орталықтың қабырғасында журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. 74 жастағы мемлекет басшысын вакцинациялау сәті Кипр телевизиясының тікелей эфирінде көрсетіледі деп күтілген, алайда екпе егу процесін жұртшылық көре алмады. Процедурадан кейін президент ел тұрғындарын вакцинациялауға тікелей қатысқан дәрігерлерге алғыс айтты.