Павлодар тұрғыны WhatsApp арқылы тіл тигізгені үшін сотталды

Павлодар тұрғыны WhatsApp арқылы өзгеге тіл тигізгені үшін сотталды. Істі қалалық мамандандырылған әкімшілік сот қарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, қала тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі үй тұрғындарына ортақ чатта үйдің үлкенін қорлап, оның тарапына әдепсіз сөздер жазғаны үшін айыпталған.

Сот отырысында қала тұрғыны өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Жәбірленуші ер адамның кінәсін чаттағы жазбаны скриндеп, қағазға басып шығару арқылы дәлелдеді.

«Сот қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБтК-ніңнің 434-бабының 1-бөлігі-ұсақ бұзақылық бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 9 723 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Back to top button