Ақтөбе тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Ақтөбе тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Ақтөбе тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
ашық дереккөзі
Ақтөбе тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды аймақтық соттың баспасөз қзыметінен. Ақтөбе қаласының №2 сотында А.Х. Абдраевқа қатысты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 256 бабының 1 бөлігімен (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, А.Х. Абдраев 2016 жылдың наурыз айында өзінің діни көзқарасын күрт өзгертіп, дәстүрлі Ислам дінін ұстанушы таныстары С.-мен А.-ға Сирия мемлекетінің аумағында болып жатқан соғыс жағдайын қозғай отырып, Ресей Федерациясының Сирия еліне жасаған антитеррорлық операциясына ызаланып, Ресей Федерациясының аумағында террористік актіні жасауға шақырған. Сот жаза тағайындау кезінде оның жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жағымды мінезделетінін, айыпты мойындайтынын, өкінетінін, бұрын сотты болмағандығын ескереді. Жазасын ауырлататын мән-жайлар сотта анықталған жоқ. Сот ҚР ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігі бойынша сотталушы А.Х.Абдраевтың жауаптылықтары мен жазаларын жеңілдететін мән-жайлардың болуын және жауаптылықтары мен жазаларын ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, жасаған қылмыстары ауыр қылмыстар қатарына жататынын ескере отырып, оған ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігінің санкциясында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің, яғни 7 жылдың  үштен екісінен аспайтын жазаны, яғни мүліктерін тәркілеп, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны өтеу орны болып түзеу колониясының жалпы режимі белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.