Өз-өзіне қол жұмсаған курсант онлайн ақша тіккен – ІІМ

Өз-өзіне қол жұмсаған курсант онлайн ақша тіккен – ІІМ

Өз-өзіне қол жұмсаған курсант онлайн ақша тіккен – ІІМ
ашық дереккөзі
Алматы академиясында курсанттың өліміне қатысты тергеу барысын министр Ерлан Тұрғымбаев жеке бақылауына алды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты. «Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев курсанттың қаза болуына байланысты кешенді тексеру жүргізіліп жатқан ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына барды. Тексерістің алдын ала нәтижелері туралы ведомство басшысына арнайы топтың басшысы – ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков баяндады. Оның айтуынша, оқу орнының тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы ғана емес, оқытушылар мен курсанттар арасындағы моральдық-психологиялық ахуал да зерделеніп жатыр. Қазіргі уақытта жүйелі ақша жинауды көрсететін өрескел бұзушылықтар анықталмаған. Сонымен қатар, курсанттар туыстарының оқу орны қабырғасындағы қысым туралы хабарламалары да мұқият қаралуда», – деді Н.Ораз. ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков курсант өліміне қатысты кешенді тексеру барысында әлеуметтік зерттеу жүргізілгенін атап өтті. «Осы орайда Өтегенов өзінің курстастарынан түрлі сомада жиі қарыз алғаны, сондай-ақ букмекерлік конторада онлайн ақша тіккені анықталды. Қазіргі кезде ата-анасының уәжі, сондай-ақ академиядағы оқу-тәрбие процесі, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай тексеріліп жатыр. Жалпы тексеріс барысын министр жеке бақылауына алды. Ол академияға барып, Өтегеновтың қатарластарымен, оқытушылар құрамымен кездесті», – деді А.Сайтбеков.