Мереке күндері полиция қызметі күшейтіледі

Мереке күндері полиция қызметі күшейтіледі

Мереке күндері полиция қызметі күшейтіледі
ашық дереккөзі
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мерекелік іс-шаралар кезінде полиция автопатрульдерінің саны көбейтілетінін айтты. «Жаңа жыл қарсаңында ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызметке көшеді. Полиция құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға уақтылы ден қою үшін мерекелік іс-шаралар кезінде полиция автопатрульдерінің саны көбейтіліп, қызмет күшейтілмек», – деді ресми өкіл. Оның айтуынша, іс-шаралар өткізілетін және азаматтардың жаппай қыдыратын орындарында, көшелерде полиция нарядтарының, оның ішінде жаяу нарядтардың саны артады. Қоғамдық орындарда бейнебақылау күшейтіледі.