ШҚО-да аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды

ШҚО-да аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды

ШҚО-да аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірқатар қала, аудандағы мектептерде сабақ болмайды. Атап айтқанда, Өскемен қаласында (-34) 0-4 сыныптар, Бородулиха ауданында (- 34) 0-11 сыныптар, Алтай ауданы (-33) 0-9 сыныптар, Семей қаласында (-31) 0-9 сыныптар, Риддер қаласында (-28) 0-5 сыныптар, Шемонаихада (-34) 0-11 сыныптар, Жарма ауданында (-33) 0-3 сыныптар, Бесқарағай ауданында (-32) 1-11 сыныптар, Курчатовта (-29) 1-4 сыныптар, Катонқарағай ауданында (-33) 1-11 сыныптар, Күршім ауданында (-29) 0-11 сыныптар оқымайды.