Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуз қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2021 жылдың мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтасуға шығуы қарастырылып жатқан үш үміткердің бірі екенін жазды. Бұл – DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім аясындағы айқас болып табылады, – деп жазды Sports.kz. «DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім бойынша бірінші айқаста «Канело» WBA/WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта WBC желісі бойынша міндетті үміткер Авни Йылдырымға қарсы шығады. DAZN-мен келісімшарт аясында екінші жекпе-жек үшін «Канело» жұдырықтасуға шығатын үш қарсылас бар: Билли Джо Сондерс, Калеб Плант, Геннадий Головкин», – деп жазады автор. Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзі кіммен жекпе-жекке шығуды қалайтыны туралы жауап берген. Боксшы өзіне ұсынылған қарсыластар – Головкин және Мейвезердің арасынан екіншісін таңдады. Геннадий Головкин 19 желтоқсанда Голливудта жекпе-жек өткізді. Онда қазақстандық боксшы Польша спортшысы Камил Шереметаны жеңіп, орта салмақта титулдық белдікті қорғау саны жағынан рекорд орнатты.