«Қазгидромет» ескертедi: бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қарлы боран болады

«Қазгидромет» ескертедi: бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қарлы боран болады

«Қазгидромет» ескертедi: бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қарлы боран болады
ашық дереккөзі
28 желтоқсан күні республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қар жауады, қарлы боран күтіледі. Қалған аймақтарда көбінесе жауын-шаынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батыста – көктайғақ болжанады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерiнде тұман, бұрқасын, 15-23 м/с екпінде жел болады. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жеpінде тұман күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді. Атырау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Атырау облысында сондай-ақ көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде қатты аяз сақталады.