Қар көшкінінен 6 адам қаза тапты

Қар көшкінінен 6 адам қаза тапты

Қар көшкінінен 6 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Табиғи апаттан 6 адам қаза тапты. Бұл туралы ТRT телеаранасы хабарлады. Кеше кешкісін Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранға қарасты Шемиранат ауданында қар көшкіні түскен. Иран студенттерінің хабар агенттігіне (ISNA) мәліметіне қарағанда, "Иран Қызыл жарты ай" ұйымының төрағасы Мехди Велипур Тегеранның солтүстік аймақтарындағы қар мен дауыл салдарынан Шемиранат ауданында болған қар көшкінінде 6 адамның мәйіті табылғанын мәлімдеген. Сондай-ақ,Мехди Велипур табиғи апат кезінде 16 адамның жоғалғанын және оны "Иран Қызыл жарты ай" ұйымы іздестіру жұмысы жүріліп жатқанын айтқан.