Адалдықтар Ақтау тұрғындарының шағымын тыңдады
Адалдықтар Ақтау тұрғындарының шағымын тыңдады
Ақтау тұрғындары аймақ бюджетінің бөлінуіне риза емес. ADAL партиясынан депутаттыққа үміткерлермен өткен кездесуде осы мәселе айтылды.
Бүгін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Ләззат Чинкибаева, сондай-ақ партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті.
Эльдар Жұмағазиев партияның мақсаты жекелеген қалаларды дамыту емес, еліміздің барлық өңірлерін дамыту екенін атап өтті. «Маңғыстау өңірі – бірегей аймақ. Бірден бұл жерде мұнай өндірілетіні және көп мұнай компаниясы бар екені еске түседі. Сонымен қатар тұрғындар көптеген мәселені айтып, шағымданады. Негізгісі – адами капитал, табыс. Біз бұл мәселелерді қалай шешу керегін білеміз және өз бағдарламамызда нақты шешімдерді ұсынамыз», – дейді ол.