Жаңалықтар

2021 жылдан бастап қандай смартфондарда WhatsApp қосымшасы істен шығатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

2021 жылдан бастап қандай смартфондарда WhatsApp қосымшасы істен шығатыны белгілі болды

WhatsApp мессенджері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Бұл операциялық жүйесі IOS 9 немесе Android 4.0.3-ке жаңартылмайтын құрылғылардың кейбір модельдеріне қатысты. Яғни iPhone 4 және одан бұрынғы модельдердің және IPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5s, iPhone 5c, iPhone 6 және iPhone 6s пайдаланушылары жаңа жылдан кейін мессенджерді пайдалана алмауы мүмкін, iOS 9-ға жаңартуы керек, дейді мамандар.