Саусақ ізі жоқ отбасы

Саусақ ізі жоқ отбасы

Саусақ ізі жоқ отбасы
ашық дереккөзі
Бангладештік 22 жастағы Апу Саркер отбасымен бірге Раджшахидің Солтүстік ауданындағы ауылда тұрады. Оның отбасындағы ер адамдардан генетикалық мутацияның сирек кездесетін түрі анықталған: олардың саусақ іздері жоқ, - деп хабарлайды bbc.com Апу Саркердің әкесі мен атасы фермерлер болған. Ал өзі - фельдшер.  width=
"Менің атамның, тіпті әкемнің кезінде саусақ іздерінің болмауы аса қатты қиындық немесе қолайсыздық тудырмайтын. Менің ойымша, олар мұны ешқашан проблема деп ойлаған емес",-деді ол.
Бірақ дерматоглифтер, яғни саусақ таңбалары соңғы уақытта әлемдегі ең көп жиналған биометриялық мәліметтерге айналды. Оны біз смартфонды ашудан бастап, түрлі кілтсөз орнына пайдаланып жүрміз. Кей елдерде дауыс беруге, әуежайдан өтуге де саусақ іздері керек. Сол себепті де бұл ерекшелігі Апу Саркерге көптеген қиындықтар туғызады екен.