Бөкей ордасы ауданының 3 ауылы партия бағдарламасымен танысты

Бөкей ордасы ауданының 3 ауылы партия бағдарламасымен танысты

Бөкей ордасы ауданының 3 ауылы партия бағдарламасымен танысты
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев бастаған сайлауалды штаб пен облыстық, аудандық мәлихатқа үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын Бөрлі, Саралжын және Ұялы ауылдық округтерінде жалғастырды.
Ауылдағы ағайынмен кездесу барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Nur Otan партиясының жеті басым бағыты бойынша жұмыс істейтінін айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Nur Otan партиясының жобаларына да тоқталып, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді. Партияның халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ел экономикасын нығайтуда қолға алған жұмыстары мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Бөкей ордасы Аудан тірлігіне қатысты жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй -коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының алдағы күндері де жалғасты болатынын жеткізді. Nur Otan партиясы қолға алған цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалардың нәтижелі іске асып жатқаны да нақты мысалдармен айтылып өтті.

Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы. Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Cайлау қоры қаражатының есебінен төленді.