Ұлттық қордың 200 млн теңгесі мақсатқа сай пайдаланылмаған

Ұлттық қордың 200 млн теңгесі мақсатқа сай пайдаланылмаған

Ұлттық қордың 200 млн теңгесі мақсатқа сай пайдаланылмаған
ашық дереккөзі
Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу қызметі қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы ҚР Ұлттық қорының қаржысын мақсатқа сай пайдаланбаған фактіні анықтады. «Жедел іздеу шаралары барысында «М-т»  ЖШС лауазымды тұлғасына қатысты ҚР Ұлттық қорынан бөлінген жеңілдік кредиттік қаражатты мақсатқа сай пайдаланбаған факті бойынша ақпарат анықталды. 2014 жылы маусымда Атырау қаласындағы Банктердің бірінен «М-т» ЖШС-мен кредиттік шарт аясында негізгі құралдарды  толықтыру  (корей компанияларының бірінен   (шприцтер өндіру бойынша жабдық сатып алуға) үшін 600 млн теңгеден астам сомада ақшалай қаражат берілді.  Ұсынылған қаражат аясында 2014 жылғы сәуірде «М-т»  ЖШС аффилирленген «Н.» ЖШС-мен шприцтерді сатып алуға патент үшін сомасы 200 млн теңгеге  келісімшарт жасалды. Ол «Н.» ЖШС есебіне аударылды». Тергеу барысында 6 ай ішінде «Н.» ЖШС Ұлттық қордың жеңілдікпен берілген ақшасын өзінің қалауымен жұмсағаны анықталды. Осылайша, «М-т»  ЖШС лауазымды тұлғасы бюджеттік кредитті мақсаты бойынша жұмсамаған. Тергеу барысында материалдық шығынның орны толықтай толтырылды. Тергеу нәтижесі істі бойынша тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды. Материалдар қабылданған шешімді тексеру үшін прокурорға жіберілді», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметінен.