УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік қазақстандық клуб белгілі болды

УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік қазақстандық клуб белгілі болды

УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік қазақстандық клуб белгілі болды
ашық дереккөзі

УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар лигасындағы еуропалық клубтардың тарихи рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz сайты. Чемпиондар лигасы тарихында мадридтік «Реал», мюнхендік «Бавария» және каталониялық «Барселона»клубтары ең үздік деп танылды. Ал қазақстандық клубтар арасында елордалық «Астана» командасы көш бастап тұр. УЕФА рейтингіндегі орны – 107. Сонымен қатар алғашқы 200 клубтың қатарына 145-орында тұрған «Ақтөбе» енді. Қарағандылық «Шахтер» - 230, алматылық «Қайрат» - 371, павлодарлық «Ертіс» - 422, қостанайлық «Тобыл» 432-орынға жайғасты. Рейтингке жалпы саны 526 клуб енген. Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік 10 клуб:

  1. «Реал»
  2. «Бавария»
  3. «Барселона»
  4. «МЮ»
  5. «Ювентус»
  6. «Милан»
  7. «Ливерпуль»
  8. «Бенфика»
  9. «Порту»
  10. «Аякс».