Nur Otan қауіпсіз әрі жайлы өмірдің жолын біледі

Nur Otan қауіпсіз әрі жайлы өмірдің жолын біледі

Nur Otan қауіпсіз әрі жайлы өмірдің жолын біледі
ашық дереккөзі
Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Аманжол Жазықбаев «ТАТЭК» АҚ ұжымымен онлайн форматта жолықты. Кездесу барысында кандидат партияның қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, алдағы атқарылар жоспарлар жөнінде баяндады. – 2020 жыл барлығымыз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирус пандемиясы  біздің өмірімізді, басымдықтарымызды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етіп, біздің мемлекетіміздің басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді. Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан Nur Otan партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, облысымызды, қаламызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салуда. Біз бұған қалай қол жеткізуге болатынын нақты білеміз! Нақты істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз.  Nur Otan партиясы алдағы уақытта да елдің жүйелі дамуына атсалыспақ, – деді Аманжол Тоқтарұлы.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы төленді. Тапсырыс беруші: Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында Nur Otan партиясы ҚБ сайлау қоры атынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы.