«Жаныңда ешкім тұра алмайды» – Қайрат Нұртас «Әлем ханымы» атанған Жұлдыз Әбдікәрімова туралы

«Жаныңда ешкім тұра алмайды» – Қайрат Нұртас «Әлем ханымы» атанған Жұлдыз Әбдікәрімова туралы

«Жаныңда ешкім тұра алмайды» – Қайрат Нұртас «Әлем ханымы» атанған Жұлдыз Әбдікәрімова туралы
ашық дереккөзі
«Әлем ханымы – 2020» атанған қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың жеңісі жайлы оның жары, белгілі әнші Қайрат Нұртас Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Сені сүйем, жаныңда ешкім тұра алмайды! Жаным, құтты болсын!» деп жазды Қ.Нұртас. Сондай-ақ, Жұлдыз Әбдікәрімова да халықаралық байқаудағы жеңісінен кейін өз жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, «Бұл жеңіс менікі емес, біздікі! Мақсатым – басыма тәж кию емес, көк туымды желбірету!" деді. Бұған дейін қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атанғанын хабарлаған болатынбыз.